Logo
Іздеу
Айдарлар

Алматы облысында жол апатына түскен көліктің жүргізушісі өртеніп кетті

/
Алматы облысында жол апатына түскен көліктің жүргізушісі өртеніп кетті
Сурет: ЖИ

Алматы облысында болған жол апатында жеңіл көлік жүргізушісі қаза тапты, деп хабарлайды Arasha.kz.

Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 15 қыркүйекке қараған түні Алматы – Шелек – Қорғас автожолының 147-шақырымында болған. 

Алдын ала деректер бойынша, Changan маркалы автокөліктің жүргізушісі бір бағытта кетіп бара жатқан Volvo жүк көлігінің тіркемесіне соқтығысқан. Салдарынан жеңіл көлік өртеніп, жүргізуші алған жарақаттары мен күйіктен оқиға орнында көз жұмған.

Полиция өкілдерінің айтуынша, қазір оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты әрі объективті зерттеу үшін тергеу амалдары жүргізілуде.