NCOC компаниясының қызметкері Бибігүл Шпанованы қатыгездікпен өлтірілген іс бойынша сот аяқталды. Айыпталушы– бұрын сотталған 38 жастағы Арман Жетпісов, деп хабарлайды Arasha.kz.
Жетпісов өзін жөндеу шебері ретінде көрсеткен.
Қылмыс көктемде болды. Сол кезде Жетпісов «Француз ықшамауданындағы» пәтерлерді жөндеу қызметін атқарып жүрмін деп алдаған. Ол жерде Шпанова да тұрған. Әйел оған тұрмыстық жөндеу жұмыстары үшін жүгінген. Бибігүл оны алдап кеткенін біліп, ақшасын қайтаруды талап еткен. Сол сәтте Жетпісов оны зорлап, 17 рет пышақпен жаралаған.
Жазда іс сотқа берілді. Сараптамалар қорытындысы мен бейнебақылау жазбалары оның кінәсін дәлелдеді. Істің сипатына байланысты сот процесі жабық режимде өтті.
Үкімді судья Зарема Хамидуллина жариялады: Жетпісов өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейді.
Қаза болған Бибігүл Шпанованың туыстары сот шешімін көз жасымен және қол шапалақтап қарсы алды.