Logo
Іздеу
Айдарлар

Полиция даяшыға аяғын сүрткізіп қойған қызды ұстады

/
Полиция даяшыға аяғын сүрткізіп қойған қызды ұстады
Сурет: видеодан скрин

Бірнеше күн бұрын әлеуметтік желіде қыздың даяшыға аяғын сүрткізіп жатқан видеосы тараған болатын. Онда қыз дөрекі сөздер айтып, өзін қоғамдық орында жөнсіз ұстайды. Бүгін Алматы полициясы сол қыздың ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Алматы қаласында полиция қызметкерлері дәмханалардың бірінде жанжал шығарып, қоғамдық тәртіпті бұзған қыздың жеке басын анықтады. Ол өзін өрескел ұстап, былапыт сөздер айтып, айналасындағыларға құрметсіздік танытқан.

«Аталған дерек бойынша «Ұсақ бұзақылық» бабымен әкімшілік іс қозғалды. Құқық бұзушы Атырау қаласында ұсталды. Түсініктемесінде ол кінәсін мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін жеткізді. Онымен профилактикалық әңгіме жүргізілді», - деп хабарлады ПД-нің баспасөз қызметі.

Полиция ескертеді: айналаға және Заңға құрметсіздік көрсетуге жол берілмейді. Қоғамдық орындардағы мәдениетті мінез-құлық – «Заң және Тәртіп» қағидатының негізі.