«Әлем құрылыс ltd» компаниясының бас бухгалтері аса ірі көлемде қаржы жымқыру және ысырап ету бойынша айыпталған еді, алайда сот оны кінәсіз деп таныды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Тергеу деректеріне сәйкес, 2022 жылдың қазан айынан 2025 жылдың қаңтарына дейін әйел басқа адамдармен бірге 10 000 000 теңге, 61 207 952 теңге және 72 071 213 теңгені ысырап еткен. Айыптау тарапы оған жеті жыл бас бостандығынан айыру жазасын және келтірілген шығынды толық өтеуді талап етті.
Адвокаттың айтуынша, бухгалтер компанияның бір құрылтайшысының нұсқауымен әрекет еткен. Қорғау тарапы ақшаның қызметкерлердің жалақысын төлеуге жұмсалғанын жеткізді.
Ақтау қалалық соты әйелді айыбы дәлелденбегендіктен ақтады.
Қыркүйек айының басында Түркістан облысы Шардара ауданының білім бөлімі бухгалтерлеріне бюджеттен 3,7 млрд теңгеден астам қаржы ұрлағаны үшін үкім шыққан болатын.