Logo
Іздеу
Айдарлар

Астанада жезөкшелер ордасын ұйымдастырған 14 адам ұсталды

/
Астанада жезөкшелер ордасын ұйымдастырған 14 адам ұсталды
Сурет: видеодан скрин

Астанада бірнеше тұрғын үй кешенінде жезөкшелікпен айналасатындардың ордасын ұйымдастырған 14 адам ұсталды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Полиция департаментінің мәліметінше, жедел ақпарат пен елорда тұрғындарының шағымдарын тексеру барысында "Лазурный квартал", "Дипломат" және "Мисон" тұрғын үй кешендерінде қыздарды жыныстық қанаумен байланысты заңсыз бизнес ұйымдастырған топ анықталған. 

- Барлығы 14 адам ұсталды, ұйымдастырушылар уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Ішкі істер министрлігі азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және елордадағы криминогендік жағдайды бақылауға "Заң мен Тәртіп" тұжырымдамасы аясында баса назар аударылатынын атап өтеді, - деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.