Logo
Іздеу
Айдарлар

«Қайрат» – «Реал» футбол матчының билеттері қаншадан сатылады?

/
«Қайрат» – «Реал» футбол матчының билеттері қаншадан сатылады?
Сурет: Қайрат ФК

Бүгін кешке күздің басты футбол оқиғасына – Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі «Қайрат» пен «Реал» арасындағы матчқа билеттер сатыла бастайды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Билеттерді Qairat SuperApp қосымшасы арқылы, клубтың ресми сайтынан, сондай-ақ Ticketon және Freedom платформаларынан сатып алуға болады. Сатылымда шектеу бар – бір қолға ең көп дегенде екі билет қана беріледі (ЖСН немесе төлқұжат деректерін көрсету арқылы). Құжаттар стадионға кіреберісте тексеріледі.

«Қайрат» – «Реал» матчының билеттер бағасы төмендегідей:

▪️ Батыс трибунасы — 30 мың теңгеден (1–9 сектор, 1–2 қатар) 250 мың теңгеге дейін (1–17 сектор);
▪️ Шығыс трибунасы — 150 мың теңге (30–48 сектор);
▪️ Солтүстік және оңтүстік трибуналар — 75 мың теңге (18–28 және 49–60 сектор).

Ұйымдастырушылардың айтуынша, билет бағасы УЕФА-мен келісілген және «Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы барлық үй матчтарына бірдей қолданылады.

Еске сала кетсек, турнирдің алғашқы турында «Қайрат» Лиссабонның «Спортингінен» 1:4 есебімен ойсырай ұтылды.

Жақында кәсіпкер Тұрсенғали Алагөзов әйгілі алматылық клуб ойыншыларына мадридтік «Реалды» жеңсе, автокөлік сыйлайтынын мәлімдеген еді.