Logo
Іздеу
Айдарлар

Ресейді БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінен шығару керек — Польша СІМ басшысы

/
Ресейді БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінен шығару керек — Польша СІМ басшысы
Сурет: ашық дереккөзден

Польшаның сыртқы істер министрі Радослав Сикорский БҰҰ штаб-пәтері алдында журналистердің сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Журналистер Польша билігінің Ресей саясатына, санкцияларға және оның БҰҰ-дағы орнына қатысты көзқарасын сұрады, деп жазды ulysmedia.kz.

«БҰҰ Жарғысын және Қауіпсіздік Кеңесі мүшесі ретіндегі міндеттерін бұзған агрессор ондағы мүшеліктен шығарылуы тиіс. Менің ойымша, заттарды өз атымен атау маңызды. Мұнда Ресейден алыс жатқан, ешқашан оның басқыншылығына ұшырамаған, бірақ империализм туралы біраз білетін елдер бар. Біз Ресейдің Украинаға басқыншылығын Ресей империясын қайта құру әрекеті деп қараймыз. Және біз империализмді бастан кешкен елдер, соның ішінде Қытай да, мұны дәл солай көріп, айыптайды деп үміттенеміз», - деді Радослав Сикорский.

Журналистердің поляктар Путиннің келесі жоспары бойынша Польша нысанаға айналуы мүмкін деп қорқа ма, деген сұрағаны былай жауап қатты:

– Өкінішке қарай, иә. Біз Ресеймен 500 жылдан бері көрші болып келеміз. Тәжірибе бізге үйретті: Ресей қоқан-лоқы жасаса, оны байыппен қабылдау керек — ал ол бізге үнемі қоқан-лоқы көрсетіп келеді, - деді ол.