«Женіс» әйелдер командасының футболшысы, 19 жастағы Виктория Кайсаринова 23 қыркүйекте жол апатынан қаза тапты, деп хабарлайды Arasha.kz.
Оқиға Астана мен Павлодар арасындағы тас жолда болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, Виктория отырған көліктің жүргізушісі арақашықтықты сақтамай, жүк көлігіне соғылған. Апат салдарынан ол ғана емес, тағы төрт адам көз жұмды.
«Жас болғанына қарамастан, Виктория өзін талантты әрі еңбекқор, футболға адал спортшы ретінде көрсете білді. Оның өмірден өтуі – туған-туыстары, достары, командадағы әріптестері және жалпы қазақстандық футбол қауымдастығы үшін орны толмас қайғы», – деп хабарлады ҚФФ.