Logo
Іздеу
Айдарлар

Трамп пен Макрон арасында Палестина мәселесіне байланысты келіспеушіліктер туындады

/
Трамп пен Макрон арасында Палестина мәселесіне байланысты келіспеушіліктер туындады
Сурет: ашық дереккөзден

АҚШ президенті Дональд Трамп пен Франция президенті Эммануэль Макрон Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясы аясында кездесті, деп хабарлайды Arasha.kz.

Кездесу барысында Макрон мен Трамп арасында палестиналық қақтығыс жөнінде келіспеушілік байқалды.

Америкалық лидерден Макронның «егер президент Трамп Нобель сыйлығын алғысы келсе, ол Газадағы соғысты тоқтатуы керек» деген сөзіне қатысты пікір сұралды. Бұған Трамп былай деп жауап берді:

«Менің ойымша, бұл мәселе алға жылжиды. Бізде өте маңызды кездесулер бар, келесі кездесуім аймақ басшыларымен болады. Біз Газа жайлы сөйлесеміз және бірдеңе жасай аламыз ба, соны көреміз. Біз соғыстың тоқтағанын қалаймыз. Тұтқындардың босатылғанын қалаймыз. Біз өте жылдам нәтиже ала аламыз».

Одан кейін Трамптан «неге Палестина мемлекеттігін мойындауды ХАМАС үшін марапат деп санайсыз?» деп сұралды. Ол: «Менің ойымша, бұл ХАМАС-ты құрметтеу болып саналады, ал оны істеуге болмайды. 7 қазанға байланысты. Оларды мәңгі ететіндей қадам жасауға болмайды. Жасай алатынымыз тек бір нәрсе – «біз тұтқындардың қайтарылуын қалаймыз, соғыстың тоқтауын қалаймыз» деп айту», – деді.

Бұл сөзге Макрон жауап қатып: 7 қазанда француз азаматтары да қаза тапқанын, бәрі бірдей сол шабуылды бастан өткергенін айтты. Франция президенті:

«Ал енді сұрақ: екі жылға созылған соғыстың нәтижесі қандай? Жоғары лауазымды ХАМАС басшылары өлтірілді – бұл үлкен жеңіс, бірақ сонымен бірге сіздерде ХАМАС мүшелері алғашқы күндегідей әлі де бар. Бұл ХАМАС-тың жойылуына ықпал етіп тұрған жоқ. Бұл дұрыс жол емес. Сондықтан бізге кешенді процесс қажет.

Мен толық келісемін, процесс кепілдегі адамдарды босатудан, атысты тоқтатудан, гуманитарлық көмекті қайта жеткізуден және Газадағы аумақты тұрақтандырудан басталуы тиіс. Бірақ бізге саяси перспектива да керек, сондықтан біз [Палестина мемлекеттігін] мойындау туралы шешім қабылдадық», – деді.

Өз кезегінде Трамп:

«Айтайын, мен Израиль жағындамын. Өмірім бойы Израильді қолдадым. Біз шешім табамыз, және бұл барлығы үшін жақсы шешім болады деп үміттенемін.

Бірақ енді әрекет ету уақыты келді. Бізде өте маңызды кездесу болады. Менің ойымша, бір сағаттан кейін өтетін кездесу – мұнда өткізген ең маңызды кездесулеріміздің бірі болады», – деді.