Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Құқықтық алаңдағы қоғам

Өгей қызын зорлаған Павлодар облысының тұрғыны сотталды

Өгей қызын зорлаған  Павлодар облысының тұрғыны сотталды
Сурет: pexels

Павлодар облысының тұрғыны өгей қызына қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық әрекеттері үшін сотталды, деп хабарлайды Arasha.kz.

«Сот К.-ны ҚК-нің 120-бабының 4-бөлігі, 124-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, 121-бабының 4-бөлігіне сәйкес өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын белгіледі. Сондай-ақ 124-баптың 1-бөлігі бойынша 7 жылға бас бостандығынан айыру және кәмелетке толмаған балалармен жұмыс істеуге, заң саласындағы қызметке өмір бойына тыйым салу жазасы тағайындалды. Қылмыстық құқықбұзушылықтардың жиынтығы бойынша түпкілікті жаза – ерекше қауіпсіздік жүйесіндегі мекемеде өмір бойына бас бостандығынан айыру, балалармен жұмыс істеуге және педагогикалық қызметпен айналысуға өмір бойына тыйым салу», – деп оқып шықты үкімді Павлодар облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Нұрлан Айтбаев.

ҚазТАГ-тың хабарлауынша, 2020 жылы Шарбақты ауданындағы бір кәсіпорында жұмыс істейтін 35 жастағы қара жұмысшы К. әйелмен және оның 12 мен 6 жастағы қыздарымен бірге тұра бастаған. Қылмыс биыл жасалған. Бірінші жағдай сәуірде, екінші – мамырдың басында, үшінші оқиға – 20 мамырда болған.

Сотталушы жәбірленушіге 7 млн теңге моральдық өтемақы төлеуге міндеттелді.