Logo
Іздеу
Айдарлар

Қостанайда дәрігер 61 жастағы ер адамды айықтырғышта ұрып-соққан

/
Қостанайда дәрігер 61 жастағы ер адамды айықтырғышта ұрып-соққан
Сурет: видеодан скрин

Оқиғаның видеосын жәбірленушінің қызы жариялады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Оның айтуынша, әкесін 27 шілдеде Уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына жеткізген. Ер адам камерада шылым шеккеннен кейін дәрігер оған шабуыл жасаған. Соның салдарынан ол қабырғалары сынып, ауыр жарақат алған. Кейін дәрігерлер оның бір бүйрегін алып тастауға мәжбүр болды.

Полицияның хабарлауынша, күдікті ұсталып, қазір тергеу изоляторында отыр.

«Осы жылдың шілде айында денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деп мәлімдеді ведомство.