Logo
Іздеу
Айдарлар

Жасөспірім PUBG ойнына бола өз отбасын қырып тастады

/
Жасөспірім PUBG ойнына бола өз отбасын қырып тастады
Сурет: ашық дереккөзден

Пәкістан соты Зейн Алиді төрт адам өлтіргені үшін әрқайсысына 25 жылдан – барлығы төрт өмір бойы бас бостандығынан айыруға үкім етті. Өлім жазасы жасөспірімнің қылмыс жасаған кездегі жасына байланысты қолданылмады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Тергеушілердің айтуынша, қылмыс оның PUBG ойынына әуестігінен туындаған қатыгез агрессияның салдарынан болған. Сот үкімінде судья Алидің қылмысы «ойын отбасылық байланыстың өзін жеңіп кеткен тәуелділіктен туындады» деп атап өтті.

Қылмыс болған кезде Али 14 жаста болған. Ол Лахор қаласындағы халық тығыз орналасқан аудандардың бірінде отбасымен тұрған. Көп уақытын бөлмесіне қамалып, ойынды ойнаумен өткізген, бұл үшін анасы жиі ұрысатын.

«Қанды қырғын болған күні Али бірнеше сағат бойы ойынды үзбей ойнап, нысананы дәлдей алмай қалған соң күйзеліске түскен. Оған қоса, анасынан тағы да ұрыс естіген», – деп полиция сотта баяндады.

Анасының лицензиялы тапаншасын алған ол анасымен бірге ұйықтап жатқан қарындастарының бөлмесіне кіріп, оқ атқан. Нәтижесінде анасы, ағасы және екі қарындасы бірден қаза тапқан. Жасөспірім қаруды кәрізге лақтырғанымен, кейін полицияға қылмысын мойындаған.

Психолог Мұхаммед Али Хан VICE World News-ке берген сұхбатында баланың жасырын психикалық ауытқулары болуы мүмкін екенін айтты.

«Қылмыскердің нақты не ойлағанын жеке бағалаусыз айту мүмкін емес, бірақ бірнеше психиатриялық диагноз ойға келеді: психотикалық сәтсіздік, ашуды бақылау проблемалары, депрессия, биполярлық бұзылыс және импульсті бақылау бұзылысы», – деді ол.