Logo
Іздеу
Айдарлар

Астанадағы автобуста жас жігіт әкесіндей адамды ұрып тастады

/
Астанадағы автобуста жас жігіт әкесіндей адамды ұрып тастады
Сурет: видеодан скрин

Куәгерлердің айтуынша, жанжал екі ер адамның сөз таласынан басталған. Алдымен олар дауыстап ұрысып, кейін кикілжің төбелеске ұласқан, деп хабарлайды Arasha.kz.

Автобустағы төбелестің видеосы әлеуметтік желілерде тез тарап кетті. Кадрларда ер адамдар бір-біріне жұдырық сілтеп, соққы алмасып жатқанын, ал айналасындағылардың кейбірі арашаламақ болып, енді біреулері шетке ығысқанын көруге болады.

Елорда Полиция департаменті оқиғаның болғанын растады. Ведомствоның мәліметінше, оқиға тіркелген, қазір «Сарыарқа» аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері төбелеске қатысқандарды анықтап, іздестіріп жатыр.