Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Саясат

Сыртқы істер министрінің орынбасары Мұрат Нұртілеудің қызметтен кетуіне қатысты түсінік берді

Сыртқы істер министрінің орынбасары Мұрат Нұртілеудің қызметтен кетуіне қатысты түсінік берді
Сурет: gov.kz

Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев журналистердің Мұрат Нұртілеудің қызметтен кетуі туралы сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Журналистер бұл отставка президенттің жуырдағы Нью-Йоркке сапарымен және қазақстандық делегация құрамындағы кәсіпкерлердің аздығымен байланысты ма, деген сауал қойды.

— Біздің сапар Бас ассамблеяға қатысты болды. Кәсіпкерлер – ол бөлек, бизнеске қатысты іс-шаралар. Кәсіпкерлердің құрамы қаншалықты сапалы болды – оны мен айта алмаймын. Маған СІМ қалыпты жұмыс істегендей көрінеді. Сіз менен қандай баға күтесіз? Бұл БҰҰ-ның 80 жылдық мерейтойлық сессиясы болды. Мемлекет басшысы қатысты, жақсы баяндама жасады. Мұнда пікір білдірудің өзі қажетсіз сияқты», - деді ол.

Сондай-ақ ол сізге, Сыртқы істер министрінің орынбасары ретінде, ешқандай ескерту не сөгіс жасалған жоқ па?, деген сауалға жауап берді.

— Жоқ, мүлде болған жоқ. Ешқандай. Министрлерді тағайындау туралы шешім – ел басшылығының құзыретінде. Шешім қабылданды. Бұл бірінші де, соңғы да министр емес», - деді Әлібек Бақаев.