Logo
Іздеу
Айдарлар

Лукашенко Зеленскиймен кездескісі келетінін мәлімдеді

/
Лукашенко Зеленскиймен кездескісі келетінін мәлімдеді
Сурет: Reuters

Беларусь президенті Александр Лукашенко Украина басшысы Владимир Зеленскиймен сөйлесуге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Бұл туралы ол Ресей президенті Владимир Путинмен келіссөздерден кейін «Россия 1» телеарнасының журналисі Павел Зарубинге берген сұхбатында айтты.

«Мен онымен [Зеленскийге] жай ғана сөйлескім келеді, айтарым бар», – деді Лукашенко.

Оның айтуынша, Украина басшысы «сабырға келгені жөн», өйткені қазіргі таңда «жақсы ұсыныс үстелде тұр». Лукашенко бұл мәселені Владимир Путинмен талқылағанын жеткізді, бірақ егжей-тегжейін ашпады.