Logo
Іздеу
Айдарлар

Рудный прокуроры Қостанайда 20 млн теңге пара алғаны үшін ұсталды

/
Рудный прокуроры Қостанайда 20 млн теңге пара алғаны үшін ұсталды
Сурет: iagorod.kz

46 жастағы Рудный қаласының прокуроры Мұрат Ұспановты Қостанай облыстық прокуратурасының ішкі қауіпсіздік қызметінің қолдауымен облыстық ҰҚКД қызметкерлері ұстады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Ұстау оқиғасы күндіз Қостанайдың 9-шы шағын ауданында, «Азия» дүкенінің маңында болған. Операцияға арнайы жасақ та қатысқан.

Расталмаған мәліметке сәйкес, прокурор Ұспанов тексеріс аясында қозғалған қылмыстық істі тоқтату үшін ақша алған, деп жазды Halyqstan телеграм арнасы.

Ұсталған шенеунік Рудный прокуроры қызметін дәл бір жылдан бері , яғни өткен жылдың қыркүйегінен бері атқарып келген.

Ұспановтың прокуратура органдарындағы жалпы еңбек өтілі – 20 жылдан асады.