Ресейдің Чита маңындағы «Амодово» зообағында қызметкер бұғының шабуылынан қаза тапты, деп хабарлайды Arasha.kz.
Оқиға кешкі уақытта болған. Жануарды қорасына қайтармақ болған қызметкерге бұғы тап беріп, жарақат салған. Бұл туралы Чита зообағының директоры Вадим Костенников мәлімдеді.
Оның айтуынша, жасы үлкен бұғы қоршауды бұзып шығып, әуелі аналықтардың қорасына, кейін қаздар тұрған жерге өтіп кеткен. Оны үш қызметкер қайта айдап кіргізбек болғанда, біреуі мерт болды. Қайғылы жағдайдан кейін барлық келушілер жедел эвакуацияланып, жануар атылған.
Куәгерлердің сөзіне қарағанда, бұғы қоршауды бұзып, көршілес қораға өткен. Қызметкер оны қайтармақ болғанда, жануар тап беріп, жерге құлатқан.
«Бұғы әуелі қашып шықты, кейін қайтармақ болған қызметкерге шабуыл жасады. Оқиға орнында балалармен бірге адамдар көп еді, абыр-сабыр басталып, айқай-шу шықты, жұрт жан-жаққа қаша жөнелді», – деді Chita.ru сайтына сұхбат берген оқиға куәгері.