«Талибан» қозғалысы бірнеше елдімекенде талшықты-оптикалық желілерді үзген, соның салдарынан елде интернет пен телефон байланысы іс жүзінде тоқтады, деп хабарлайды Arasha.kz.
Киберқауіпсіздік пен интернет қолжетімділігін бақылайтын NetBlocks ұйымының деректеріне сәйкес, елдегі ұлттық желілік белсенділік әдеттегі деңгейдің 14 пайызына дейін төмендеген.
Сарапшылар бұл жағдайды әдейі жасалған сервистерді өшірумен байланыстырады. Ауғанстанда жоғары жылдамдықтағы интернетті бұғаттау қыркүйек айының басында басталған. Әуелде байланыс өте тұрақсыз жұмыс істесе, кейіннен кейбір өңірлерде мүлде жоғалып кеткен.