Ақтау – Жаңаөзен тасжолының 23-шақырымында мұнай таситын көлік аударылып, соның салдарынан мұнай өнімдері төгілген, деп хабарлайды Arasha.kz Маңғыстау облысы экология департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«2025 жылғы 29 қыркүйекте сағат 15:50-де Ақтау – Жаңаөзен автожолының 23-шақырымында 720 AI/12 мемлекеттік нөмірлі мұнай тасығыш көлік аударылды. Оқиға орнында мұнай өнімдерінің төгілуі тіркелді», – делінген хабарламада.
Департамент мамандары топырақтан сынама алды. Қабылданған шаралар туралы қосымша хабарланатын болады.