Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Қоғам

Қазақстанда хайуанаттар бағы мен цирктерді жабу жөнінде петиция пайда болды

Қазақстанда хайуанаттар бағы мен цирктерді жабу жөнінде петиция пайда болды
Сурет: Рixabay

Елімізде жануарларды циркте қолдануға тыйым салуды және хайуанаттар бағын кезең-кезеңімен жануарларға арналған паналау орталықтарына айналдыруды талап еткен онлайн петиция пайда болды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Құжат авторлары мұндай мекемелердің басты мақсаты ойын-сауық емес, жануарларды оңалту болуы тиіс деп есептейді.

«Жануарларды үйретуге және онымен өнер көрсетуге толықтай тыйым салуды, жаңа хайуанаттар бағы құрылысына мораторий енгізуді, үш-бес жыл ішінде жануарларды арнайы паналау орталықтарына, соның ішінде халықаралық орталықтарға тапсыруды, цирк пен зоопарк қызметкерлеріне жаңа мамандық игеруге қолдау көрсетуді сұраймыз», — делінген петицияда.

Бастамашылар әлемдік тәжірибеге сүйенеді. Еуропаның көптеген елдерінде жабайы жануарлардың өнер көрсетуіне тыйым салынған, ал дәстүрлі зоопарктерді анағұрлым гумандық үлгілер алмастыруда.