Logo
Іздеу
Айдарлар

Пәтер мен жер учаскелерін төмен бағада ұсынып елді сан соқтырып келген алаяқ сотталды

/
Пәтер мен жер учаскелерін төмен бағада ұсынып елді сан соқтырып келген алаяқ сотталды
Сурет: pexels

Алаяқ жер учаскелері мен жылжымайтын мүлікті төмендетілген бағамен сатып алуға көмектесемін деп уәде берген, деп хабарлайды Arasha.kz.

Жәбірленушілерден ірі мөлшерде ақша қаражатын алған соң, ол қаражатты өз қажеттіліктеріне жұмсаған.

Прокуратураның мәліметінше, жәбірленуші кінәлі тұлғаға жер учаскесін төмен бағамен сатып алу және ұлттық компанияға жұмысқа орналастыру үшін 7 млн теңге берген. Алайда сотталушы өз уәдесін орындамаған.

«Мемлекеттік айыптаушы сотталушының кінәсін толық дәлелдеп, оның 8 жәбірленушіге 49 млн теңгеден астам залал келтіргенін анықтады. Сот үкімімен оған 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Материалдық шығын өндірілді», - деп хабарлады прокуратура.

Үкім заңды күшіне енді.

Астана қаласының прокуратурасы - алаяқтық жасағаны үшін мүлкін тәркілей отырып, 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделгенін ескертті.