Алматы облысының Іле ауданына қарасты Кенен Әзірбаев ауылында өрт шықты. Тілсіз жау үш бірдей жеке тұрғын үй мен шаруашылық нысандарын шарпыды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Өрт туралы хабар кешігіп түскендіктен, жалын тез тарап кеткен. От 448 шаршы метр аумақты қамтыған.
«Қатты түтін, жоғары температура және үйлердің құрылыс ерекшеліктеріне байланысты өртті сөндіруде қиындықтар болды», – деп хабарлады ТЖД.
Өрт орнынан әйел мен сәбиінің денесі табылды. Ер адам ауыр күйік жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.
Қазіргі таңда өрт толықтай сөндірілді.