Logo
Іздеу
Айдарлар

Қазақстанда Конституцияның 30 жылдығына арналған рақымшылық аяқталды – ІІМ

/
Қазақстанда Конституцияның 30 жылдығына арналған рақымшылық аяқталды – ІІМ
Сурет: pexels

Қазақстанда Конституцияның 30 жылдығына орай жарияланған рақымшылық аяқталды. Бұл туралы ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

«Біз бұл жұмысты аяқтадық. Бостандыққа тек қамауда болғандар ғана емес, сондай-ақ аса ауыр емес және орташа ауыр қылмыс жасаған, материалдық залал келтірмеген адамдар да шықты. Амнистия оларға да қолданылды», – деді Әділов Мәжіліс кулуарында.

Сонымен қатар ІІМ орынбасары бостандыққа шыққандардың барлығы пробациялық бақылауда болатынын, ол міндет әкімшілік полицияға жүктелгенін атап өтті.