Logo
Іздеу
Айдарлар

Мәскеу мен Вашингтон үшінші келіссөз раундына дайындалып жатыр

/
Мәскеу мен Вашингтон үшінші келіссөз раундына дайындалып жатыр
Сурет: ашық дереккөзден

Ресей мен АҚШ арасындағы қарым-қатынастағы түйткілдерді жоюға арналған үшінші келіссөз раунды биылғы күздің соңына дейін өтетіні анық. Бұл туралы ТАСС агенттігіне Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Рябков айтқан, деп хабарлайды Arasha.kz.

«Күздің соңына дейін ол сөзсіз өтеді. Қазір нақты күн жоқ, бәрі талқылау барысында», — деді жоғары лауазымды дипломат тиісті сұраққа жауап бере отырып.

27 ақпан мен 10 сәуірде Ыстанбұлда Ресей мен АҚШ елшіліктерінің жұмыс жағдайын қалыпқа келтіруге және екіжақты қатынастардағы түйткілдерді еңсеру жолдарын талқылауға арналған келіссөздер өткен болатын. Ресей делегациясына алғашқы екі консультацияда қазіргі АҚШ-тағы Ресей елшісі Александр Дарчиев жетекшілік етсе, америкалық тарапты Еуропа және Еуразия мәселелері жөніндегі мемлекеттік хатшы көмекшісінің орынбасары Соната Коултер басқарды.

Алғашқы кездесу БАҚ өкілдерінсіз жабық есік жағдайында өтіп, алты сағаттан астам уақытқа созылды. Екінші келіссөздер раунды бес жарым сағатқа жалғасты.