Мұғалжар аудандық сотында Қандыағаш қаласының әкімі Қазбек Аққайырдың ісі қаралып жатыр. Оған жақын қарым-қатынаста болған әйелді соққыға жықты деген айып тағылған, деп хабарлайды Arasha.kz.
Алғашқы отырыстың деректеріне сәйкес, жәбірленуші моральдық шығын ретінде 500 мың теңге және адвокат қызметіне 300 мың теңге талап еткен.
Аққайыр өз кінәсін мойындамайды:
«Бұл әйелмен қарым-қатынаста болғаныма өкінемін. Қазірдің өзінде отбасымның алдында салдарын тартып отырмын. Мені ақтауды сұраймын», — деді ол сотта.
Ал прокурор шенеунікті ҚР ҚК-нің 109-1-бабы («Соққыға жығу») бойынша кінәлі деп тануды талап етті. Егер айып дәлелденсе, Қазбек Аққайырға 80 АЕК көлемінде (314 560 теңге) айыппұл салынуы мүмкін.