Logo
Іздеу
Айдарлар

Қырғызстанда ұсталған қазақстандықтың жұбайы Тоқаев пен Жапаровқа үндеу жасады

/
Қырғызстанда ұсталған қазақстандықтың жұбайы Тоқаев пен Жапаровқа үндеу жасады
Сурет: ашық дереккөзден

Қырғызстанда ұйымдасқан қылмыстық топты (ҚҚТ) қаржыландырды деген күдікпен ұсталған қазақстандық Ануар Жетыбаевтың жары Зәуре Телемісова Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қырғызстан президенті Садыр Жапаровқа ашық түрде үндеу жасады, деп хабарлайды Arasha.kz сайты ҚазТАГ агенттігіне сілтеме жасап.

«6 тамыз күні Қырғызстан шекарасынан өту кезінде ҰҚК қызметкерлері менің жұбайым Жетыбаев Ануарды ұстап, ешбір айғақ пен дәлел ұсынбастан, оны К .Асанбек – Жаппасовтың ұйымдасқан топтарын қаржыландырды деп айыптады. Жолдасым Асымбекпен таныс болмаған. Ал Жаппасовты барлық кордайлықтар біледі, ол біздің ауылдың тұрғыны. Жаппасов Қазақстанда сегіз жылдан бері жазасын өтеп жатыр. Ал менің жұбайым екі айдан бері Бішкек қаласындағы СИЗО-да отыр. Сот санкцияны тағы екі айға ұзартты, бірақ ешбір дәлел де, айғақ та ұсынылмады. Олар қандай негізбен жұбайымды ұстап отыр? Кейін біз тергеушінің өтінішін судья қанағаттандырғанын, белгісіз себеппен қамауды ұзартқанын білдік. Жолдасым ешқашан сотталмаған, қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған, бұл жөнінде біз соттылығы жоқтығы туралы анықтама бердік. Ол Қазақстандағы да, Қырғызстандағы да ешқандай ұйымдасқан топқа кірмейді. Қырғызстанның құқық қорғау органдары қандай негізде менің жұбайым ҚҚТ-ға қатысы бар деп дабыралап отыр? ҰҚК өз айыптауларына дәлел келтіре ала ма? Біз бес баланы тәрбиелеп отырмыз, оның екеуі ерекше күтімді қажет етеді. Мен Қырғызстан президентіне де жүгінемін, жолдасымның ісін әділ қарауға көмектесуді сұраймын. Үндеуім назарсыз қалмайды деп сенемін», — деді Телемісова өз мәлімдемесінде.

Бұған дейін, 13 тамызда Телемісова күйеуінің «Кордай – Ақжол» өткізу пунктінде негізсіз ұсталғанын айтқан. Оның сөзінше, жұбайы туыстарымен Ыстықкөлге бармақ болған, бірақ қырғыз шекарашылары тоқтатып, кейін оған марқұм «вор в законе» К.Асанбектің ісіне қатысы бар деген айып таққан.

Телемісова сот процесінің әділ өтуін қамтамасыз етуді сұрап отыр.