Logo
Іздеу
Айдарлар

Шерхан Қалмұрзаның Шерхан Мұртазаға қандай қатысы бар: Әкесі кім, қайда тұрады?

/
Шерхан Қалмұрзаның Шерхан Мұртазаға қандай қатысы бар: Әкесі кім, қайда тұрады?
Alash.kz коллажы

"Қайрат" клубының қақпашысы Шерхан Қалмырзаның шыққан тегі мен отбасы туралы мәлімет белгілі болды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Журналист Оралхан Дәуіттің айтуынша, талантты қақпашы Жамбыл облысы, Жуалы ауданында дүниеге келген. Шерханның ата-анасы ертеректе ажырасып кеткен.

Спортшының әкесі – Елдар Қалмырза, жас кезінде бокспен шұғылданып, жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы атанған. Кейін журналистика саласында еңбек еткен, бүгінде Астанада тұрады.

Айта кетсек, Шерхан есімінің қойылуы да ерекше мәнге ие. Себебі оның туған жері – қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Шерхан Мұртазаның туған топырағы Жуалы. Осыған байланысты көпшілік арасында Қалмырза мен Мұртаза әулеттерін туыстық әрі жерлестік байланыс тоғыстырады деген пікір бар.

"Жуалы жерінде дүниеге келген ұланға Шерхан деген есімнің де бекер қойылмағаны анық ғой. Жуалы – Шерағаңның туған жері. Лайым, Алла тағалам жас Шерханға бақ-береке берсін. Бабы да, бағы да келіскен спортшы болсын. Қазақтың туын көкте желбірете берсін", – деп жазды Оралхан Дәуіт.