Logo
Іздеу
Айдарлар

Елдің оңтүстігінде жер сілкінісі болды

/
Елдің оңтүстігінде жер сілкінісі болды
Сурет: eskisehir.net

Жамбыл және Түркістан облыстарының тұрғындары, сондай-ақ Шымкент қаласы жер сілкінісін сезінді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Эпицентрі Қырғызстан аумағында, Алматыдан 465 шақырым оңтүстік-батыс бағытта орналасқан.

Ұлттық деректер орталығының мәліметінше, сейсмологтар жер сілкінісін 6 қазан күні, астана уақытымен 01:29-да тіркеген.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы — 13,3, магнитудасы — 5,9.

Есептік қарқындылығы 2–4 балл аралығында болған, Шымкентте — 3 балл деңгейінде сезілген.

Зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат жоқ.