Logo
Іздеу
Айдарлар

Рамзан Қадыров екінші рет Шешенстан Батыры атағын алды

/
Рамзан Қадыров екінші рет Шешенстан Батыры атағын алды
Сурет: видеодан скрин

Шешенстан басшысын 49 жасқа толған туған күнінде жаңа үкіметтік кешеннің ашылуында марапаттады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Аймақ үкіметінің төрағасы Магомед Даудовтың хабарлауынша, Қадыровқа «Шешен Республикасының Батыры» алтын жұлдызы берілді. Оның айтуынша, марапат «мемлекет алдындағы айрықша еңбегі, халыққа адал қызметі, жеке ерлігі мен республиканың гүлденуі мен әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыру жолындағы көпжылдық еңбегі үшін» тапсырылған.

Айта кетсек, Қадыров бұл атақты алғаш рет 2023 жылғы 24 ақпанда алған болатын. Сол кезде ол марапатқа ие болған алғашқы адам атанды, кейіннен бұл медальды оның ұлы Адам да алған.