Logo
Іздеу
Айдарлар

Кашпировский рак ауруын өздігінен емдемек болып, ауруханаға түсті – БАҚ

/
Кашпировский рак ауруын өздігінен емдемек болып, ауруханаға түсті – БАҚ
Сурет: видеодан скрин

Мәскеуде 86 жастағы экстрасенс Анатолий Кашпировский шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Arasha.kz  сайты Baza Telegram-арна ға сілтеме жасап. 

Арнаның мәліметінше, оған қатерлі ісік диагнозы қойылып, жақын күндері ол ем қабылдайды.

«Қазір ол санаторийде, сөйлей алмайды», — деп жазады Baza, телепаттың айналасындағы адамдарға сілтеме жасап.

Сондай-ақ, арна Кашпировский ауруын өз әдістерімен емдеуге тырысқанын, бірақ оның көмектеспегенін хабарлады.

«Ол ұзақ уақыт бойы іш тұсындағы ауырсынуға шағымданған, бірақ дәрігерлерге барудан бас тартқан. Өздігінен емделген. Алайда жағдайы күрт нашарлап, ауруханаға жеткізілген. Диагностика кезінде ісік асқынып, іш қуысының көптеген бөліктеріне тарағаны анықталды», — деп жазады Baza.

Басылым мәліметінше, Кашпировскийге сәулелік терапия тағайындалған, бірақ өзі оның көмектеспейтініне сенімді көрінеді.

Алайда ресейлік Mash Telegram-арнасы бұл ақпаратты жоққа шығарды:

«Анатолий Кашпировский тірі, дені сау және өз өміріне риза. Тек Telegram-арналар оның атынан жалған хабар таратқанына ашулы», — деп жазды арна.

Mash хабарлауынша, екі ай бұрын Кашпировскийдің сәбиі дүниеге келген, ал қазір ол баласымен бірге уақыт өткізіп жатыр.

«Бүгін ол Telegram-да тікелей эфир өткізеді. Оған онкология да, тіпті тұмау да жоқ. Мұны жазған адаммен бетпе-бет сөйлескім келеді», — деген оның директоры Сергейдің сөзін Mash келтірді.

Анатолий Кашпировский — кеңес және ресейлік дәрігер-психотерапевт, перестройка кезінде «емші» және гипнозшы ретінде аты шыққан тұлға. 1962 жылы медициналық институтты бітірген, армияда және КСРО ауыр атлетика құрамасында жұмыс істеп, психотерапияны қолдана бастаған. 1988–1989 жылдары орталық теледидардағы «емдік сеанстарымен» танымал болды. 1993 жылы АҚШ-қа эмиграция жасап, кейін Ресейге оралған. Қазір Мәскеуде тұрады, сирек сеанстар өткізіп, «емдік су» шығарады. 2020 жылы пандемия кезінде YouTube-та «сауықтыру стримдерін» жүргізе бастаған.