Logo
Іздеу
Айдарлар

Болат Назарбаевтың ұлы банкрот болғанын жариялады

/
Болат Назарбаевтың ұлы банкрот болғанын жариялады
Сурет: ашық дереккөзден

Марқұм Болат Назарбаевтың ұлы Нұрбол өз банкроттығын жариялады. Бұл туралы Shishkin Like Telegram-арнасы мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

«Тұңғыш президенттің жиеніне қатысты банкроттық ісі басталғаны туралы хабарлама тізілімде пайда болды. Кредиторларға борышкерге қатысты талаптарын 15 қазанға дейін ұсынуға уақыт берілді», – делінген жарияланымда.

Adata.kz дерегінше, Нұрбол Назарбаев 15 қыркүйектен бері атқарушылық өндірістер бойынша борышкер ретінде тіркелген. Оның жалпы қарызы 57,9 миллиард теңге. Есепшоттары мен мүлкіне тыйым салынған, компаниялардағы үлестеріне шектеу қойылған, сондай-ақ елден шығуына тыйым енгізілген.