Logo
Іздеу
Айдарлар

Әйелдің мәйіті табылған жерден ес-түссіз күйде жатқан полицей есін жиды

/
Әйелдің мәйіті табылған жерден ес-түссіз күйде жатқан полицей есін жиды
Сурет: Polisia.kz

Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, полиция қызметкерінің жағдайы қазір ауыр деп бағалануда. Бұған дейін дәрігерлер оның жағдайын «өте ауыр» деп мәлімдеген еді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Полицей есін жиғанымен, әлі де реанимация бөлімінде жатыр.

Еске сала кетсек, 30 қыркүйекте Михайловкадағы тірек пунктіне қызметке келген аға учаскелік инспектор әріптесін ес-түссіз күйде тапқан.

Басқа бөлмеден киімсіз, тіршілік белгілері жоқ әйелдің денесі табылған.

Оқиғаға байланысты Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов арнайы тергеу тобы құрылғанын және оған Ішкі қауіпсіздік қызметі қызметкерлері де тартылғанын хабарлады.