Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Оқиға

Маңғыстау облысында 10 адам қаза тапқан жол апаты бойынша жүргізуші қамалды

Маңғыстау облысында 10 адам қаза тапқан жол апаты бойынша жүргізуші қамалды
pixabay.com

Маңғыстау облысында 10 адамның өмірін қиған жол-көлік оқиғасына қатысты іс бойынша көлік жүргізушісі қамауға алынды, деп хабарлайды Arasha.kz.

«Сот шешімімен кінәлі жүргізуші қамауға алынып, тергеу изоляторына орналастырылды», — деп мәлімдеді Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Апат 11 қыркүйекте Маңғыстау облысы Қарақия ауданына қарасты Сенек ауылынан 90 шақырым жерде болған. Toyota Hiace маркалы шағын автобус жол жиегіне аударылып кеткен. Салдарынан сегіз адам оқиға орнында қаза тауып, тағы екеуі ауруханаға жеткізу кезінде көз жұмған.

Жүргізуші мен екі жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға түскен. Кейін жүргізуші ем қабылдап шыққан соң, тергеу аяқталғанша қамауға алынды.