66 және 70 кг салмақ дәрежелерінде UFC-дің бұрынғы қос чемпионы, 37 жастағы ирландиялық Конор Макгрегор антидопинг ережесін бұзғаны үшін 18 айға дисквалификацияланды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Бұл туралы АҚШ допингке қарсы агенттігі (USADA) хабарлады.
Ресми мәліметке сәйкес, Макгрегор 2024 жылы үш рет өзі орналасқан жері туралы ақпарат бермеген. Осы себепті инспекторлар оның биоматериалын ала алмаған. Мұндай жағдай автоматты түрде ереже бұзушылық болып есептеледі.
Алайда спортшы тергеу барысында толық ынтымақтастық танытып, жауапкершілігін мойындаған. Сондықтан стандартты екі жылдық шеттету мерзімі 18 айға дейін қысқартылды.
Осылайша, ирландиялық файтер октагонға 2026 жылдың 20 наурызында қайта орала алады.