Logo
Іздеу
Айдарлар

Тағы бір сарбаз қаза тапты

/
Тағы бір сарбаз қаза тапты
Сурет: Қорғаныс министрлігі

7 қазанда Маңғыстау облысы бойынша Шекара қызметі департаментінде қайғылы оқиға орын алды – мерзімді әскери қызмет атқарып жүрген сарбаз көз жұмды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, оқыс оқиғаға техникалық жұмыстар кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамау себеп болған. Полиция органдары қылмыстық іс қозғап, қосымша қызметтік тергеу жүргізілуде. ҰҚК Шекара қызметі қаза болған әскери қызметшінің туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады.

Айта кетейік, соңғы уақытта әскер қатарына шақырылған мерзімді қызметшілердің өлімі жиілеп кетті. Соңғы үш апта ішінде бұл — үшінші жағдай. Бұған дейін қыркүйекте Гвардейск гарнизонында сарбаз асылып өлген күйінде табылса, қазан айында Қарасай ауданында Шекара қызметінің сарбазы өліміне менингококцемия себеп болғаны хабарланған.