Logo
Іздеу
Айдарлар

Қиналып кеткен, жиі ақша сұраған: Әскердегі сарбаздың қазасы туралы тың дерек шықты

/
Қиналып кеткен, жиі ақша сұраған: Әскердегі сарбаздың қазасы туралы тың дерек шықты
ашық дереккөзден

Маңғыстау облысындағы Үстірт шекара қызметінде борышын өтеп жүрген 20 жастағы Еркебұлан Сағындықтың өлімі қоғамда үлкен резонанс тудырды. Әскери бөлім өкілдері сарбаздың жанармай иісінен уланып көз жұмғанын хабарлағанымен, отбасы бұл нұсқаға күмән келтіріп отыр, деп хабарлайды Arasha.kz.

Марқұмның анасы Гүлназ Жұмабаева ұлының қазасына әскери қызметкерлердің қатысы бар болуы мүмкін деп санайды. Оның айтуынша, Еркебұлан өлерінен шамамен бір апта бұрын хабарласып, өзін нашар сезінгенін, көңіл күйі түсіп жүргенін айтқан.

"Қиналып кеттім, ауыстырса екен басқа бөлімге", – деп жиі өтінетін. Сондай-ақ жиі ақша сұрайтын", – дейді анасы.

Сарбаздың сүйіктісі Ақниет Мұқан да соңғы хаттарында Еркебұланның ауыр жағдайда жүргенін, бөлімде сарбаздарға дұрыс жағдай жасалмағанын жазғанын айтады. Ол тіпті бұзылған көліктің қозғалтқышын жөндету үшін өз ақшасынан жігітке қаржы аударғанын жеткізді.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалғанын растады. Алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы жағдай техникалық жұмыстар кезінде қауіпсіздік ережелерінің сақталмауынан болған. Дегенмен тергеу әлі жалғасып жатыр.

Еркебұлан – әкесінен ерте айырылған, үйдің кенжесі. Медициналық колледжде білім алған, әскерден кейін үйленуді жоспарлап жүрген екен. Алайда арманы орындалмады.