Logo
Іздеу
Айдарлар

"Мұнда бәрі орысша сөйлейді": "Барыстың" бапкері қазақ тілін үйренуден бас тартты

/
"Мұнда бәрі орысша сөйлейді": "Барыстың" бапкері қазақ тілін үйренуден бас тартты
hcbarys.kz. Суретте: Михаил Кравец

Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) бақ сынап жүрген "Барыс" клубының бас бапкері Михаил Кравец қазақ тілін үйрену жоспары жоқ екенін айтты, деп хабарлайды Arasha.kz.

Матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында журналист бапкерден:

"Сіз бірнеше айдан бері Қазақстанда жұмыс істейсіз. Қазақ тілін үйреніп жүрсіз бе?" – деп сұраған.

Оған Кравец:

"Білесіз бе, мұнда бәрі орысша сөйлейді, кейде ағылшын тілі де жеткілікті. Уақытым жетпейді. Егер қазақ тілін үйренсем, сосын қытай тілін де меңгеруге тура келетін шығар. Сондықтан орыс және ағылшын тілдерімен-ақ бәріміз бір-бірімізді түсініп жүрміз деп ойлаймын", – деп жауап берді.

Айта кетейік, соңғы кездесуде "Барыс" Қазанның "Ак Барс" клубынан 3:4 есебімен жеңілді. Үшінші кезеңнің басында 0:4 есебімен ұтылып жатқан қазақстандық команда небәрі 140 секундта үш шайба соғып, есеп айырмасын қысқартқанымен, жеңіске жете алмады.