Logo
Іздеу
Айдарлар

Өз қызын зорлаған талдықорғандық өмір бойына сотталды

/
Өз қызын зорлаған талдықорғандық өмір бойына сотталды
Сурет: pexels

Талдықорғанда кәмелетке толмаған туған қызын зорлаған көпбалалы әкеге үкім шығарылды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Отбасындағы үлкен қыз сегіз жыл бойы әкесінің зорлығына шыдап келген. Ол шындықты айтуға қорыққан, себебі әкесі «біреуге айтсаң, анаңды, бауырларыңды өлтіремін» деп қорқытқан.

Қылмыс тек анасы күйеуін зорлау үстінде ұстап алған кезде ғана әшкере болған. Әйел бірден полиция шақырған.

Отбасында барлығы төрт бала бар. Полицияның айтуынша, қалғандары зардап шекпеген.

39 жастағы педофил сотта кінәсін мойындамаған. Алайда сараптама қорытындысы мен куәгерлердің айғақтары оның кінәсін дәлелдеді. Соның нәтижесінде ол Қылмыстық кодекстің 121-бабы бойынша кінәлі деп танылып, өмір бойына бас бостандығынан айырылды.