Logo
Іздеу
Айдарлар

ШҚО әкімдігінде мемлекеттік қызметшілердің әдебі жөнінде жиналыс өтті

/
ШҚО әкімдігінде мемлекеттік қызметшілердің әдебі жөнінде жиналыс өтті
Сурет: әкімдік

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов мемлекеттік қызметшілердің әдебі жөнінде жиналыс өткізді. Оған басқарма басшылары мен қала, аудан әкімдері қатысты, деп хабарлайды Arasha.kz.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Мемлекеттік қызмет дегеніміз – туған халқыңның алдында айрықша жауапкершілік арқалау» деген сөзі бар. Сондықтан жұрт алдында әдепсіз қылық танытуға мүлде болмайды. Басқарма басшылары мен әкімдер сыпайылықтың, ұстамдылық пен кәсібиліктің үлгісі болуы тиіс. Әр қызметшіге мемлекеттік қызмет әдебі талаптарын еске салып, түсіндіру жұмыстарын жүргізіңіздер», - деді Нұрымбет Сақтағанов.  

Сондай-ақ жиын барысында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің әдеп жөніндегі уәкілі Мира Беккужина баяндама жасап, әдепке сай келмейтін мінез-құлық танытып, мемлекет абыройына көлеңке түсіруге жол бермеу қажеттігі туралы жан-жақты түсіндірді. Алдағы уақытта өңірдің мемлекеттік қызметшілері үшін осы тақырыпта семинар-тренингтер өткізу жоспарланып отыр.

Айта кетсек, жақында Зайсан ауданы Шілікті ауылының әкімі ауыл тұрғындарына айқайлап, балағаттаған видеосы тараған еді.