Logo
Іздеу
Айдарлар

Семей қаласы әкімінің сайлауына дауыс беру басталды

/
Семей қаласы әкімінің сайлауына дауыс беру басталды
Сурет: Семей әкімдігі

Семей қаласы әкімінің сайлауына дауыс беру басталды. Қазірде шаһарда 128 сайлау учаскесі өз жұмысын бастады, оның ішінде 110 - ашық, 18 - азаматтардың уақытша болатын жеріндегі учаске (жабық), деп хабарлайды Arasha.kz.

Комиссиялардың жалпы құрамы – 929 азаматты құрайды. Ал сайлаушылар саны – 220 761 адам.

Барлық сайлау учаскелері кеңсе тауарларымен, ақпараттық стендтермен, дауыс беру жәшіктерімен және жасырын дауыс беру кабиналарынмен қамтылған.

Қала әкімі лауазымы үшін үш кандидат бақ сынауда:

• Әділет Қожанбаев – Көкпекті ауданының қазіргі әкімі;
• Айболат Бекжасаров – қалалық мәслихаттың бұрынғы төрағасы;
• Қаныш Төлеуов – Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжінің директоры.