Logo
Іздеу
Айдарлар

Башар Асад Мәскеуге келгелі онлайн ойындарға беріліп кеткен

/
Башар Асад Мәскеуге келгелі онлайн ойындарға беріліп кеткен
Сурет: «Анадолу» сайтынан

Сирияның бұрынғы президенті Башар Асад Ресейден баспана алған соң онлайн ойындарға әуестене бастаған. Бұл туралы немістің Zeit газеті саясаткердің отбасына жақын дереккөзге сілтеме жасап мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Басылыммен сұхбаттасқан адам Асадтың өмірі туралы мәліметті «сенімді дереккөздерден» алғанын айтқан. Алайда Zeit бұл ақпаратты тексеру мүмкін еместігін атап өтеді.

Дереккөздің айтуынша, Асад қазір «Москва-Сити» кешенінде тұрып, сағаттар бойы онлайн ойындар ойнайды. Сондай-ақ оның Мәскеу маңында да үйі бар, ол жаққа жиі барып тұрады делінген.

Башар Асад Сирия президенті қызметін 2024 жылғы 8 желтоқсанда оппозициялық қарулы топтар Дамаскке кіргеннен кейін тастап, елден кеткен болатын. 2025 жылдың қыркүйек айының соңында Сирия соты оның қамауға алынуына ордер шығарған.