Сотталған Перизат Қайратты жақын күндері тергеу изоляторынан қылмыстық-атқару жүйесі мекемесіне ауыстырады. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары – ҚАЖК төрағасы Абай Қайырбеков айтты, деп хабарлайды Arasha.kz.
Оның айтуынша, сотталған әйел колонияға жеткізілген соң белгіленген карантиннен өтеді, содан кейін мамандар оның еңбекке жарамдылығын анықтап, тиісті жұмыс түрін таңдайды.
Қайырбековтың сөзінше, Перизат Қайрат тігін өндірісіне немесе мекеменің шаруашылық бөліміне қатысты түрлі жұмыстарға тартылуы мүмкін.
«Олар ең төменгі жалақыны кез келген жағдайда алады», — деп нақтылады Қайырбеков.