Logo
Іздеу
Айдарлар

Костанайда Freedom Finance филиалының бұрынғы басшысы бес жылға сотталды

/
Костанайда Freedom Finance филиалының бұрынғы басшысы бес жылға сотталды
Сурет: Рixabay

Костанайда Freedom Finance компаниясының бұрынғы филиал басшысы Руслан Какенов бес жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Соттың шешіміне сәйкес, ол ерекше ірі көлемде алаяқтық жасап, қызмет бабын теріс пайдаланған. Тергеу мәліметінше, Какенов Freedom Broker қызметкерлеріне тиесілі бонус ақшаларын жалған сылтаумен иемденіп, өз пайдасына жұмсаған.

Судья Кузнецова істі қарау барысында:

«Сіз бұл қаражаттың менеджерлерге тиесілі екенін білдіңіз. Алайда жоғарғы басшылық тапсырмасы бар деп алдадыңыз. Сол арқылы қызметкерлерді ерікті түрде ақшаны беруге итермеледіңіз», — деді.

Сот шешімі бойынша Какенов жеті жыл бойы қаржы ұйымдарында басшылық қызмет атқару құқығынан айырылды. Сондай-ақ ол бұрынғы әріптестеріне өтемақы төлеуге міндеттелді:

Ержановқа — 50 млн теңге,

Каракузиеваға — 16 млн теңге,

Сақтағановаға — 8 млн теңге.

Үкім жарияланғаннан кейін Какенов сот залында қамауға алынды.

Айта кетсек, бұған дейін Freedom Finance компаниясында басқа да ішкі тергеулер жүргізілген. 2024 жылы компанияның атқарушы директоры қызметін атқарған В. Световой клиенттердің ақшасын жеке мақсатқа жұмсағаны анықталып, қызметінен босатылған еді.