Logo
Іздеу
Айдарлар

Қаралы хабар: Елге танымал Олимпиада чемпионы дүниеден озды (ФОТО, ВИДЕО)

/
Қаралы хабар: Елге танымал Олимпиада чемпионы дүниеден озды (ФОТО, ВИДЕО)
ашық дереккөзден

Аты аңызға айналған кеңес гимнасты, үш дүркін Олимпиада чемпионы Александр Дитянин 69 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды Arasha.kz.

Белгілі спортшы өмірінің соңғы жылдары А.И. Герцен атындағы Ресей мемлекеттік педагогикалық университетінде оқытушы болып еңбек еткен. Университет ұжымы әйгілі спортшының қазасына байланысты оның отбасына және жақындарына көңіл айтты.

Александр Дитянин өз есімін әлемдік спорт тарихына алтын әріппен жазып қалдырды. Ол 1980 жылы Мәскеуде өткен Олимпиада ойындарында сегіз медаль жеңіп алып, жұртшылықты таңғалдырған. Оның еншісінде үш алтын, төрт күміс және бір қола жүлде бар.

Айта кетерлігі, Дитянин – гимнастика тарихында бір Олимпиадада барлық мүмкін жаттығулар бойынша медаль иеленген алғашқы әрі әзірге жалғыз спортшы.

Осы теңдессіз жетістігі үшін Александр Дитяниннің есімі Гиннес рекордтар кітабына енгізілген.