Logo
Іздеу
Айдарлар

Қостанайға көршілес өңірде «Дрон қаупі» режимі енгізілді

/
Қостанайға көршілес өңірде «Дрон қаупі» режимі енгізілді
Сурет: ашық дереккөзден

Бүгін, 15 қазанда Челябі қаласының тұрғындарына төтенше қызметтерден «дрон қаупі режимі» енгізілгені туралы жаппай хабарламалар келген. Бұл ақпаратты Челябі облысының қоғамдық қауіпсіздік министрлігі растады, деп хабарлайды Arasha.kz 74.ru-ге сілтеме жасап.

«Сбермобайл», «Билайн», «Мегафон» және «Теле2» абоненттері төмендегідей хабарлама алған:
«Назар аударыңыз! 15 қазан, сағат 11:00-де облыс аумағында “Дрон қаупі” режимі жарияланды. Төтенше жағдай қызметінің телефоны – 112».

Қоғамдық қауіпсіздік министрлігінің мәліметінше, «сағат 11:00-де Челябі облысы аумағында өңірлік штабтың шешімімен “Дрон қаупі” режимі енгізілді. Ұшқышсыз ұшу аппараттарының (дрондардың) құлау қаупі бар».

Ведомство тұрғындарға дрон құлау қаупі кезінде әрекет ету жөнінде нұсқаулық берді:

Егер сіз ғимарат ішінде болсаңыз — терезелерден алыстаңыз, әйнексіз бөлмеге жасырылыңыз.

Егер далада болсаңыз — ең жақын ғимаратқа, автотұраққа немесе жерасты өткеліне кіріп паналаңыз.

Егер көлікте болсаңыз — көліктен түсіп, ең жақын ғимаратқа немесе қорғалған орынға жасырылыңыз.

Егер дрон құлағанын көрсеңіз — 101 немесе 112 нөміріне қоңырау шалыңыз.