Logo
Іздеу
Айдарлар

Депутат жолақының 500 теңгеге дейін көтерілуін абсурд деп атады

/
Депутат жолақының 500 теңгеге дейін көтерілуін абсурд деп атады
Сурет: Мәжіліс

Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев мұнай саласының сарапшысы Олжас Байділдиновтың қоғамдық көліктегі жолақы бағасын 500 теңгеге дейін қымбаттату туралы ұсынысына пікір білдірді, деп хабарлайды Arasha.kz.

— Бір сарапшы бар, ол мұнай мәселесіне де, саудаға да пікір білдіреді, енді көлік саласының да сарапшысы болып шықты.
Біз мынаны түсінуіміз керек: бұл қызмет түрінің 50%-дан астамы субсидияланады. Ал неге біз оны субсидиялаймыз? Себебі халықтың мүмкіндігін білеміз — қанша төлей алатынын, қашан төлей алатынын және олардың табысына сай қандай сома орынды екенін түсінеміз.
Сондықтан бұл сарапшының ұсынысын мен абсурд деп есептеймін. Оған солай жеткізіңіздер», - деді депутат.