Димаш Құдайбергеннің әкесі Қанат Айтбаев желідегі парақшасында жаңа жазба жариялады, деп хабарлайды Arasha.kz.
Бұған дейін әнші Димаш Құдайберген өзінің Instagram парақшасында қоғамдағы тіл мәселесіне қатысты пікір білдіріп, қазақ тілін менсінбеушілікке қарсы ойын ашық жеткізді.
"Мемлекеттік тілді мойындамау – мемлекетті мойындамау. Мемлекеттің діңгегі, тұғыры, ұлтты ұйыстыратын ең жоғары құндылық – мемлекеттік тіл", – деп жазды Қанат Айтбаев.
Олжас Байділдинов қоғамдық көліктегі жолақы бағасын көтеру туралы пікір білдіріп, "Астана мен Алматыдағы автобус билеті 500 теңге болуы керек" деген ұсыныс айтқан еді.
Ол қазіргі субсидиялау жүйесін тиімсіз әрі жемқорлыққа жол ашатын тетік деп бағалап, нарықтық еркін баға енгізуді және жолақыны жүріп өткен қашықтыққа қарай есептеу қажеттігін ұсынған болатын.