Logo
Іздеу
Айдарлар

Астанадағы автобус апатында екі аяғынан айырылған Алуа Бекен алғашқы қадамдарын жасады

/
Астанадағы автобус апатында екі аяғынан айырылған Алуа Бекен алғашқы қадамдарын жасады
Сурет: видеодан скрин

Астанада болған автобус апатынан кейін екі аяғынан айырылған 8 жастағы Алуа Бекен протезбен жүруді үйреніп жатыр, деп хабарлайды Arasha.kz.

Қайырымдылық ұйымының Instagram парақшасында жарияланған видеода қыз баланың жаңа протездерін киіп, алғашқы қадамдарын нық басуға тырысып жатқан сәті көрсетілген. Алуаға Германияда жасалған заманауи протездер орнатылған. Дәрігерлер мен мамандар бейімдеу және үйрету жұмыстарын бірнеше кезеңмен жүргізуде.

Мамандардың айтуынша, Алуаның қазіргі жетістігі — ұзақ әрі күрделі оңалту кезеңінің маңызды нәтижесі. Ол әр қадамын өз еркімен жасап, толыққанды қозғалысқа біртіндеп бейімделіп келеді.

Еске сала кетейік, 2 маусым күні елордада автобус бағанға соғылып, 15 адам зардап шеккен еді. Сол кезде Алуаның екі аяғын ампутациялауға тура келген.

Қайырымдылық қорының өкілдері Алуаның әрі қарайғы оңалтуына қолдау көрсету үшін көмек науқаны жалғасып жатқанын хабарлады.