Logo
Іздеу
Айдарлар

«Темір жол үшін шайқас». Ресей Украина пойыздарына шабуылды күшейтті

/
«Темір жол үшін шайқас». Ресей Украина пойыздарына шабуылды күшейтті
Сурет: ВВС

Ұзындығы 21 000 шақырым болатын Украинаның теміржол жүйесі — бұл жай ғана көлік инфрақұрылымы емес, сонымен қатар елдің әскери экономикасының тірегі және төзімділіктің ұлттық символы, деп хабарлайды Arasha.kz.

Соғыс басталғалы бері темір жолдарға жасалған шабуылдардың жартысы соңғы екі айда орын алған, дейді теміржол желісін бақылайтын Украина Қауымдастық және аумақтарды дамыту министрінің орынбасары Алексей Балеста.

Балестаның айтуынша, Ресей «локомотивтерді нысанаға алып», әдейі жүк және жолаушы пойыздарына соққы беріп жатыр, деп жазды ВВС.

«Соңғы екі айдың ішінде біз күн сайын дерлік „Укрзалізныця“ инфрақұрылымына және электр энергиясын жеткізу нысандарына бағытталған шабуылдарға тап болып отырмыз», — дейді ол.

Балестаның айтуынша, Ресей «локомотивтерді нысанаға алып, әдейі жүк және жолаушылар пойыздарына соққы беріп жатыр.

Тамыз айының соңында Киевтің шығыс бөлігінде болған жойқын шабуыл кезінде локомотивтер қатты зақымданған.

Сол кезде ресейліктер Винница облысының орталығындағы маңызды теміржол торабы — Козятинге де соққы жасап, пойыздардың қозғалысын тежеп, бағыттарды айтарлықтай өзгертуге мәжбүрлеген.