62 жастағы Мамай Бутабаев экология департаментінің бұрынғы басшысы — ірі көлемде пара алғаны үшін 10 жыл 1 айға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Антикоррупциялық қызмет оны 2024 жылдың 13 шілдесінде қолма-қол ұстаған. Тергеу дерегінше, сол күні шенеунік жол-құрылыс компаниясы басшысының орынбасары Қанат Дырынбаевтан 8,5 миллион теңге көлемінде пара алған. Бұл — тек аванс болған, ал Бутабаев жалпы 130 миллион теңге алуды жоспарлаған.
Сотта ол өз кінәсін мойындамады. Дегенмен, сот оны да, Дырынбаевты да 10 жыл 1 ай мерзімге бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.
Істе сондай-ақ «Инком-Шығыс» ЖШС иесі Марат Ақылғазин де бар. Ол заңсыз табысты жасыруға тырысқаны үшін 6 жылға сотталды. Тергеу нұсқасы бойынша, Ақылғазин Дырынбаевтың заңсыз алған ақшасын өз компаниясы арқылы заңдастыруға көмектеспек болған. Қазір адвокаттар үкімге шағым түсіру мүмкіндігін қарастырып жатыр.
Айта кетсек, Мамай Бутабаев экология департаментінің басшысы қызметін небәрі жарты жыл атқарған. Бұған дейін ол Абай облысында жұмыс істеген, ал ВКО-ға оның алдындағы басшы Данияр Әлиев парамен ұсталғаннан кейін тағайындалған. Әлиев те бүгінде түрмеде отыр.
Одан бір ай бұрын оның орынбасары Рауан Тұраров та алтын өндіру компаниясынан пара алғаны үшін қолға түскен еді. Сот Тұраровтың кінәсін дәлелдеп, оған 7 жыл жаза тағайындаған.